To serve you better, our new website displays information specific to your location.
Please visit the site and bookmark it for future use.
Экологиялық қызметтер
SRK тау-кен өндіруіне қатысты экологиялық және әлеуметтік аспектілер бойынша қызметтердің барлығын орындайды. SRK Қазақстан мен басқа ТМД елдерінің экологиялық және әлеуметтік талаптарына сай білім мен тәжірибесі бар, сондай-ақ халықаралық құжаттармен жұмыс жасау тәжірибесі мол. Сол себептен ТМД елдеріндегі тау-кен жобаларын іске асыру кезінде SRK халықаралық тәсілдемерін табысты қолданады. SRK мына қызмет түрлерін орындайды:
- әртүрлі мақсаттармен жүргізілетін техникалық аудиттер шеңберінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау (қорларды бағалау, due diligence, инвестиция алдынғы бағалау, т.б.);
- экологиялық аудит өткізу (жеке қызмет ретінде);
- халықаралық талаптарға сай экологиялық және әлеуметтік әсердің бағалауын өткізу (Экватор қағидаттары, Дүниежүзілік Банк және Халықаралық Қаржылық Корпорация тобының талаптары, ЕБРР талаптары, т.б.);
- халықаралық талаптарға сай экологиялық және әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және өткізу;
- жобаны іске асыру барысында мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл процесстерін жоспарлау және жүзеге асыру;
- халықаралық талаптарға сай жобаны дамытудың әр кезеңінде құнын бағалаумен қоса, кәсіпорынды жабу және жерді қалпына келтіру жоспарларын әзірлеу;
- кәсіпорында экологиялық және әлеуметтік менеджмент жүйесін енгізу үшін құжаттар дайындау.
Соңғы бірнеше жылда Қазақстан және ТМД елдерінде іске асырылатын жобалар үшін келесі жұмыстар орындалған болатын:
- Ресей және Қазақстандағы бірнеше уран кендерінің өңдеу жөнінде жоба алдындағы құжаттамалар үшін әсердің алдын-ала бағалауы, 2008-2009;
- Ресейдегі уран кен орынның қоршаған ортаға әсерін халықаралық талаптарға сай толық бағалауды жүргізу үшін экологиялық және әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және іске асыруда көмек көрсету, 2008;
- Қазақстандағы жез кен орны үшін pre-feasibility study шеңберіндегі әсердің алдын-ала бағалауын және зерттеулерді жүргізу, 2008 – қазіргі уақытқа дейін;
- Ресей, Қазақстан, Ямайка және Гвинеяда Русал компаниясының кен орындары үшін Білікті Тұлғаның Есептемесінің экологиялық бөлімін дайындау, 2008;
- Ресейдегі Федорова Тундра кен орны әсерінің ресейлік заңнама талаптарына, Экватор қағидаттары, ХҚК талаптары мен Баррик Голд компаниясының стандарттарына сай бағалауын өткізу, 2008;
- Қазақстандағы Восход кен орны әсерінің Экватор қағидаттарының талаптарына және ХҚК стандарттарына сай бағалауын өткізу, 2007-2008;
- Қатты пайдалы қазбалар (соның ішінде көмір, уран, калий және басқа кен орындар) кен орындарының техникалық аудиті жөніндегі есептердің экологиялық бөлімін жасау.