To serve you better, our new website displays information specific to your location.
Please visit the site and bookmark it for future use.

Геология және минералды қорлар

SRK геологиялық барлау жұмыстарды басқару мен кен орынының құрылымдық жағдайын түсіндіру, сондай-ақ бұрғылау, үлгілерді алу және талдауда айтарлықтай тәжірибесі бар компания. Бұл жағдай тапсырыс берушілерімізге пайдалы қазбалар кенін анықтауда, шектеуде және көлемі мен сапасын бағалауда тиімді  көмектесуге мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың көпшілік түрлері бойынша қорларды есептеуде біздің геологтарымыздың тәжірибелері мол.

Деректердің сапасы мен іріктеменің тығыздығы мұндай жұмыстың іргетасы болып табылады, біз бұл салада мамандандырылған қызметтерді ұсынамыз. Сонымен қатар, біз минералдану аймақтарының кеңістіктік таралудың 3D үлгілерін алу үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыздандыру және де сол минералдану аймақтарының шеңберінде қызықтыратын пайдалы қазбалар таралуын анықтау және үлгілеудің статистикалық және геостатистикалық тәсілдерін қолданамыз. Бұл халықаралық есептілік үлгілеріне сәйкес минералды қорларын бағалауды (Mineral Resource Estimate) өткізуге бізге мүмкіндік береді, және тау-кен жұмыстарын жоспарлау мен содан кейінгі жобалардың бағалау үшін тәуір негізді қамтамасыз етеді.  

Жалпы, біздің тәсілдемеміз тапсырыс берушілеріміздің нақты талаптарына біздің кіріс параметрлерімізді бейімдеуге жағдай туғыза отырып, ресурстар мен қорларды жариялауға біздің тәуелсіздігіміз бен дербестігімізді сақтап келеді.