To serve you better, our new website displays information specific to your location.
Please visit the site and bookmark it for future use.

Көп салалы қызметтер

Әділетті баға мен сапалы шешімдер қабылдау үшін әр тапсырманың негізгі факторларын түсіну, сондай-ақ жұмыстың дұрыс ұйымдастыру үшін қажеттті тәжірибе мен сараптама керек. SRK компаниясының тәжірибелі қызметкерлері және жұмысқа деген сындарлы тәсілдеме жобалардың шынайы сценарийлерін, сапалы бағалауды, оңтайлы шешімдерді ұсынуға және тапсырыс берушілеріміздің барлық ықтимал тәуекелдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Тау-кен кәсіпорындын ашу,  қаржыландыру немесе өнімділігін көтеру мүмкіндігін қарастырып жатсаңыз, бізбен байланысып, Сіз Feasibility Studies, техникалық сараптама мен бағалау (Due Diligence), бизнес-талдау және операциялық қызметтің талдауы, экономикалық бағалау мен тәуекелдерді бағалау сияқты қызметтерге мамандардың бірыңғай командасын таба аласыз. SRK тиісті бизнес-ортаның шеңберінде іс-әрекеттің техникалық-экономикалық қырларын толық түсіну үшін арнаулы сала мамандарының жұмысын үйлестіру мен интегралдауда маманданады.

Жұмысымыздың негізгі қағидаты – Сіздің мәселелеріңізге кешенді шешімдер дайындау.

SRK has the multi–disciplinary capability to carry our business and technical evaluations and to assist with the implementation of the findings.
Тау-кен өнеркәсібінде дүниежүзілік нарықта бәсекелесу қабілетін сақтау үшін өндірістің үлестік шығындарын төмендетуге тұрақты ұмтылу керек. Бұл мәселе, көбінесе қазып шығарылатын қорларын толықтыру қажеттілігімен бірге, жаңа технологиялар мен өндіру тәсілдерін тұрақты бағалауды талап етеді. Іскерлік және техникалық бағалауды дайындау бойынша, көп салалы зерттеулер шеңберінде шешімдерді іске асыруда көмек көрсетуге SRK компанияның мүмкіндігі бар. Біздің қызметтеріміз Біздің құзыретімізге келесі қызметтер кіреді: Бизнесті дамытудың стратегиялық көзқарасы және стратегияны түзету; Ұзақ мерзімді жоспарлау; Жаңа ресурстарды анықтау; Бар қорларды оңтайландыру; Қорларды оңтайландыру үшін кендерді қайта жобалау; Ағымдағы кешенді әрекеттер арқылы қоршаған ортаны қорғауға алдағы шығындарды барынша азайту; Кендердің экономикасы мен шығындарын үлгілеу; Күрделі және пайдалану шығындарды есептеу; Ұйымдық құрылымды бағалау; Жұмыс басқару үдерістер мен жүйелерді бағалау; Кен орнын қазу, кестелерді тұтастыру мен құрастыруды жоспарлауын бағалау; Іскерлік және техникалық үдерістерді бағалау; Машықтар мен қабілеттіліктерді талдау; Басқару стилін өзгерту; Біздің тәсілдемеміз SRK өкілдері әр нақты жағдайда қажетті жұмыс көлеміне сәйкес толық дайындалған техникалық тапсырмаларды сіздермен талқылап мақұлдасады. Анықталған басты мақсаттар мен нәтиже шығару мерзімдерінің негізінде жұмыс бағдарламасы әзірленеді. Үлгілік жұмыс көлемі келесі кезеңдерден тұрады: 1 кезең – Негізгі стратегиялық немесе өндірістік мәселелерді бағалау; 2 кезең – Талдау және үлгілеу.Толық зерттеулер өткізіліп, нәтижелері талданылады және жаңа тәсілдер үлгіленеді. 3 кезең – Іске асыру. Үлгіленген шешімдер жетекші мамандармен бірге өзара әрекеттестікте іске асырылады. 4 кезең – Нәтижелерді бекіту. Өзгерістерді енгізуде жетекші мамандарға көмектесу үшін кәсіпорында ағымдағы нұсқама және бақылаулық қолдау қамтамасыз етіледі. Біздің тәжірибеміз SRK компаниясында ғылым, инженерлік-жобалау жұмыстары және бизнес саласындағы жетекші консультанттар қызмет етеді. Компания ұсынатын кешенді қызметтер және әлемнің көптеген елдеріндегі офистер, кешенді тексерулер өткізу, техникалық-экономикалық негіздеме және кұпия бағалауды әзірлеу саласында дүниежүзілік тәжірибе жиюға мүмкіндік беріп, компанияны дүниежүзілік деңгейдегі өндіруші және геологиялық барлау компанияларына арналған іскерлік және техникалық сипаты бар кешенді кеңестік қызметтер ұсынуға мамандандырылған ұйымға айналдырды. SRK клиенттеріне 1 500-ден аса кәсіпорындар жатады, олардың ішінде дүниежүзілік ірі және орташа тау-кен және шикізат өндіретін кәсіпорындардың, геологиялық барлау компаниялардың, банктердің, мұнай мен газ барлау компаниялардың, ауыл шаруашылық бағытындағы компаниялардың, құрылыс фирмалары мен үкіметтік мекемелердің көпшілігі. Қазіргі кезде SRK компаниясында 5 құрлықтың 50 офистерінде халықаралық деңгейдегі консультанттар қолдау көрсететін 1 500-ден аса адам жұмыс істейді.
Компьютерлік геологиялық үлгілеу Шахталар мен кендерді компьютерлік жобалау Технологиялық үдерістерді тұжырымдамалық жобалау Су ресурстарын басқару Өндіріс қалдықтары қоймаларын жобалау Қоршаған ортаға бағалау әсерін жүргізу және экологиялық менеджмент Экномикалық үлгілеу Қазақстанда жұмыс істегендіктен, біз ҚР-да қабылданған техникалық ережелер мен стандарттарды сақтап, альтернативті жобалық шешімдерді анықтауға және нұсқаларды оңтайландыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларын қолданамыз. Мәселен, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен, кенді үлгілеу кезінде біз сенімділеу үш өлшемді үлгі құра аламыз, кен орынды борттық құрамына өңдеудің альтернативті тәсілдер мен жалғаспалылығының әсерін, ресурстардың өнімділігі мен пайдалануды анықтай аламыз. Сондай-ақ, кен туралы мәлімет компьютерлендірілгендіктен, біз тез арада бірнеше нұсқаны талдай аламыз. Біздің қазақстандық инженерлеріміз жобалық шешімдерді қазақстандық сала ережелері мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қолайлы шешім таңдалғаннан кейін, тиісті жобалау институты біздің басшылығымызда жасаған ТЭН жобасына техникалық тапсырма дайындаймыз.
SRK компаниясы өз техникалық білімін қаржы аудит саласында келесі қызметтерді ұсыну үшін пайдаланады: МСФО – Экономисттер талабымен жасалатын минералды ресурстар мен кен қорларын бағалау, кеннің қолдану мерзімі және кәсіпорынды жабу құнының дәлдігі мен дұрыстығы туралы тұжырым. Акционерлік қаржыландыру – Қор биржаларының көпшілігі минералды ресурстар мен қорлардың бағалауы, өндіру көлемінің болжамы, шығындар және айналым қаражаттары жөнінде білікті тұлғаның қорытындысын талап етеді. Сонымен қатар, ол қорытындыны тәуелсіз сарапшылар дайындау қажет. Несиелік қаржыландыру – Жоғарыда айтылғандай, жобаны қаржыландыру кезінде банкілер тәуелсіз бағалауды талап етеді. Қосылу мен жұтылу –Компаниялардың қосылу мен жұтылуына қатысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау үшін SRK білікті инженерлер мен талдаушылардың тобын ұсына алады, және баға ұсыныстарын қалыптастыру мен келіссөздер ұйымдастыру үшін олардың құнын анықтайды.
SRK can provide you with multi-disciplinary, conflict-free and objective recommendations on crucial judgement issues
SRK Consulting (Kazakhstan) компаниясы SRK тобының бөлімі. Компания толығымен өз қызметкерлерінің меншігінде және де еш бір жобада қатысу үлесі жоқ, сол себептен тәуелсіздігі қамтамасыз етілген және тапсырыс берушілерге түрлі салаларда әділ және мүдделер қақтығысқа әкелмейтін кепілдеме беруге мүмкіндігі бар. Көрегенділік пен құпиялылық жаһанды шоғырландырылған заманауи нарықтық экономиканың міндетті элементтері болып табылады. SRK тобының жаһандық желісінің арқасында біз қақтығыстарды басқаруға қатысты мәселелерді шешу кезінде өзіміздің құпиялылық мәртебемізді жылдам бағалай аламыз. Нарық және Өнімдер Кен өндіруші компанияларға кешенді бағалауды жүргізу бойынша ұсынатын қызметтеріміз жеке және мемлекеттік компаниялар, жеке тұлғалар, сонымен қатар борыштық және акционерлік капитал нарықтарының нақты қажеттіліктерін шешуге бағытталған мамандандырылған өнімдердің кең спектрін қамтиды. Ұқыпты бақылау мен тәуекелдерді басқаруға өсіп жатқан беталысын есепке ала отырып, SRK негізгі өнімдер желісі келесі нарықтарда пайдалану үшін жарияланатын техникалық есептемелерді қамтиді: Борыштық капитал нарықтары: жетекші қаржы мекемелердің тапсырмасы бойынша «Тәуелсіз техникалық сарапшы» ретінде болып және қаржылық консорциумдар мен инвесторлардың мүдделерін өкілдік етіп, SRK жобаларды қаржыландыру бойынша келесі қызметтерді ұсынады: Кешенді техникалық бағалау және қаржыландыру алдындағы тәуелсіз сарапшы есептемелерін дайындау. Табиғат және әлеуметтік ортаға деген әсерді бағалау, соның ішінде Экватор қағидаттарын (Equator Principles), Халықаралық Қаржы корпорациясының стандарттарын (IFC) және Дүниежүзілік банктің ұсынымдарын есепке алынған бағалаулар. Қаржыландыру талаптарының тізімін жасау, соның ішінде, кейінге қалдырылатын және жойылатын талаптарын, алғашқы қорлар мен қалдықтардың арасалмағын және де қызметтің басқа техникалық-экономикалық әрекет көрсеткіштерін анықтауға көмектесу. Несие комитетіне бекітуге ұсынылатын өтінімдердің техникалық бөлімін дайындау Инвестициялаудың алдында және соңынан жасалатын егжей-тегжейлі бақылау, құрылысты бітіру кезеңі мен объектті пайдалануға беруден бастап кәсіпорынның жобалық қуатына шығуына дейін. Жабдық, өнім және шығындар жайында жобаның аяқталуының техникалық сертификаттауы Несиелік кезеңінің ішінде тоқсандық бағалау жүргізу жөнінде қызметтер Акционерлік капитал нарықтары: қаржы мекемелер мен инвесторлардың тапсырмасы бойынша «Тәуелсіз құзырлы тұлға» ретінде болып, әртүрлі халықаралық қор биржалардың талаптарына сәйкес келетін нормативтік-құқықтық құжаттама дайындауда көмек көрсету мақсатында, SRK келесі қызметтерді ұсынады: Эмиссиялық Анықтамаларға, Меморандумдарға және Хабарландыруларға, сондай-ақ құнды қағаздарды жеке орналастыру туралы Меморандумдарға қосу үшін білікті тұлғаның есептемесі Жекешелендіру бағдарламаларды, активтерді сату мен сатып алу, соның ішінде Ақпараттық меморандумдарды дайындау, техникалық ақпарат орталықтарын ұйымдастыру мен басқаруын қолдауға арналған техникалық ақыл-кеңестер Ақпараттық бюллетендерге және жылдық есептемелерге қосу үшін Минералды ресурстар мен Кен қорларының жағдайы туралы қорытындылар Жоба дамуының әр кезеңінде минералды активтерді бағалау, геологиялық барлау мен техникалық-экономикалық зерттеулерден бастап өндірістің басталуына дейін. Әдіснама Біз кешенді бағалау өткізуіне «жылдам шешім қабылдау үшін тиісті зерттеулерді» қамсыздандыруға бағытталған және көп салалы топтардың жұмысын мен жобаның барлық кезеңдерінде минералды активтерді бағалауды қамту ететін құрылымды тәсілдемені пайдаланамыз. SRK компаниясында қаржы нарықтарында қызмет ету саласында тікелей тәжірибесі бар 100-ден астам техникалық мамандар бар. Бұл компанияға SRK тобының 5 құрлықтың 50 офистерінде жұмыс істейтін штаттық консультанттар мен қауымдастырылған мамандар кең көлемді желінің арқасында жаһандық географиялық қамтуын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Қызметкерлеріміздің барлығы жаһанды біріктірілген нарық экономикасы ақпараттың құпиялылығын сақтау ережелерін қолдануды талап ететінін мойындайды. Мамандандырылған қызметтеріміз сондай-ақ біздің қауымдастырылған мамандардың халықаралық желісі арқылы ұсынылады, сондықтан тәжірибеміз бен аумақтық қатысуымыз кеңейтіледі. Сонымен қатар, қызметтің нақты мәселелерді ғана зерттеу керек болғанда немесе компания үшінші жаққа мердігерлік қызметтер ұсынатын кезде, SRK шектелген көлемдегі жобаларды орындайды. Біздің техникалық топтарымыз келесі маңызды салаларда мамандандырылған бағалауларды жасайды: Геология Инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар Минералды ресурстар мен кен қорлары Адам ресурстары Тау-кен жұмыстары Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік Инженерлік геология Операциялық және күрделі шығындар Гидрогеология мен гидрология Жобалау, сатып алу және құрылысты басқару (EPCM) Пайдалы қазбаларды өңдеу мен байыту Экология (әлеуметтік және биофизикалық орта) Өндірістік және сұйық қалдықтарды жинақтау Тау-кен өндірісінің экономикасы Аффинаж және металлургиялық өндіріс Тәжірибе Борыштық және акционерлік капитал нарықтарында танылған тәжірибесі бар тәуелсіз кеңесші ретіндегі кәсіби беделіміз кең географиялық қамтуға ие және спот пен фьючерс нарықтарында саудаласатын шикізат өнімдердің көпшілігін ұсынатын жобаларда қатысумен дәлелденеді. Сол жжобалалдың ішінде: Жобаларды қаржыландыратын консорциумдардың тапсырмасымен, соның ішінде, Еуропалық, Оңтүстік Африка, Солтүстік Америка, Австралия-Азия және Азия қаржы орталықтар үшін, Тәуелсіз Сарапшы Есептемелердің (Independent Engineer's Reports) көлемді пакетін дайындау. Халықаралық қор биржалардың көпшілігінде құнды қағаздарды бастапқы және екінші қайтара орналастыруды қолдау үшін жасалатын көпсанды техникалық есептемелерді дайындау; құнды қағаздарды жеке орналастыру туралы меморандумдар және аккредиттелген инвесторлар мен білікті институционалдық сатып алушылар үшін эмиссия туралы жариялаулар. Жалпыұлттық және жергілікті өкімет билігі органдарының, сондай-ақ Дүниежүзілік банк және Халықаралық Қаржы Корпорациясы сияқты халықаралық қаржы мекемелерінің тапсырмалары бойынша жекешелендіру бағдарламаларын қолдауға арналған техникалық кеңестер. Мыналармен ұзақ мерзімді жұмыс қарым-қатынастарымыз бар: Пайдалы қазбалар өндіру, шикізат өнімдерімен сауда жүргізу, пайдалы қазбаларын өңдеу салаларындағы жеке және мемлекеттік кәсіпорындары, сонымен қатар тау-кен және металлургия саласында жұмыс жасайтын сатылас біріктірілген компаниялары; Халықаралық қаржы орталықтарының көпшілігіндегі жетекші қаржы мекемелері, аудиторлық фирмалары және заң консалтингілік компаниялары Ұлттық және халықаралық қаржылық даму мекемелері мен экспорттық несие агенттіктері. Техникалық тапсырмалардың толық спектрін қамтитын кешенді бағалаулар, қол жетімді ақпаратқа негізделген алдын-ала ірілендірілген кабинеттік анализден бастап объектілерге баруға дейін, техникалық және келісім-шарт құжаттамаларын дәйектеу және тексеру. Мұндай бағалаулар, әдеттегідей, банк үлгілеріне сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға қатысты. Несиелік немесе акционерлік қаржыландыруды тарту мақсатымен қаржылық шешімдер қабылдау процессі жөнінде техникалық ақпараттың дұрыстығына қатысты кешенді талдау.
SRK is able to integrate visual media within your presentation method to provide a comprehensive and consistent message to your audience.
Видеоролик 320p от SRK Consulting на Vimeo . Кен өндіру және металлургия салаларындағы процесстердің айқындығы акционерлермен, жоба қатысушыларымен, реттеуші органдармен, мүдделі жақтармен және жергілікті қоғамдық топтармен тиімді қарым-қатынасты талап етеді. Бұл талап технологиялық жақтан алдынғы және жоғары мамандандырылған салада жұмыс жасайтын компанияның стратегиялық дамуының әлеуметті нәтижелері туралы ақпаратты табыстау кезінде әсіресе маңызды. Көретін және графикалық презентациялар дәстүрлі техникалық ақпарат алушылардың шеңберінен шығатын үлкен аудиторияға сіздің ойларыңызды жеткізудің уақыт пен шығындар жағынан ең тиімді тәсіл болып саналады. Толық ақпарат пен консультациялық қолдауға ие болған сіздің мақсатты аудиторияңызға сізбен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Біздің қызметтеріміз Тұжырымдамалық (Conceptual), алдын ала (Scoping), жоба алдынғы (Pre-feasibility) немесе жобалық (Feasibility) зерттеулер жасайтын, сондай-ақ жаңа кендерді барлау немесе игеру нұсқаларын, қазіргі өндірісті дамыту немесе кәсіпорындарын жабуды қарастырып жатқан компаниялар үшін біз қазіргі кезде көзкөрімдік материалдарын дайындауға бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынамыз – жоғары анықты шынайы жеке фото суреттерден бастап объектінің толық үш өлшемді анимацияланған бейнелері мен интервалды суретке түсіру әсері бар объектінің үлгілеріне дейін. Жоғары сапалы үш өлшемді және төрт өлшемді анимация және объектілерді үлгілеу Кадр сыртындағы түсіндірме және бейнематериалдарға әр тілде мәтін жазу Аэрофото және бейнетүсірілім Фотомонтаж Көру әсері мен тіке көзге көріну аймақтарын бағалау Интернет желісіне, DVD, HD және 3D-стереоскопия форматтарында бейнефильмдерді жасау Мультимедиялық презентациялар Графикалық дизайн және анимациялық графика ГИС-пен біріктіру Біздің тәсілдеме Компания жөніндегі әсер оның жетістігін анықтайды. Сондықтан SRK әр жобаның қаржылық, техникалық және әлеуметтік-саяси міндеттерін есепке алады. Біздің салалық сарапшыларымыздың біліктілігі мен мол консалтингілік тәжірибелері мақсатты аудиторияға кешенді және жүйелі ақпараттандыру үшін көрнекі ақпаратты деректерді презентациялаудың ең қолайлы тәсіліне тиімді біріктіруге мүмкіншілік береді. Біздің тәжірибеміз Геологиялық барлау және тау-кен өндіру жобаларында 39 жылдан астам жұмыс тәжірибемізге таянып және сол тәжірибені қазіргі заманғы көру ақпарат құралдарын пайдаланумен біріктіре отырып біз келесі қызметтер арқылы сіздің жобаларыңызды жүзеге асыру жолында көмектесе аламыз: Меншік иелерімен, консультанттармен, жобалаушы ұйымдармен, қоғамдық топтармен және техникалық емес аудиториямен стратегиялық байланысты қамтамасыз ету Жобаларды жоспарлауын, жобалауын және жүзеге асыруын жетілдіру Инвестициялық жобаларды келісуде және инвестицияларды тартуда көмектесу Жобаның қоғамдық беделін басқару Мәтінде немесе қағаздық таратушыда жоғалуы мүмкін детальдарды анықтайтын кен өндіру кәсіпорынның бүкіл пайдалану мерзімінде жобаның симуляциялық талдауы Қоршаған ортаға деген жағымсыз әсерді төмендету Нақты жобаның тиімділігі, сапасы және тұрақтылығы жағынан ең жоғары стандарттарға сай екендігі жөнінде мүдделі жақтардың сендірмелері
SRK Қазақстанда және ТМД мен әлем елдеріндегі көмір өндіру жобаларында білім және жұмыс тәжірибеге ие болып, сонымен бірге қызмет көрсету үшін отандық және шетел консультанттарының техникалық білімін пайдаланады. Бұл жағдай SRK компаниясына ТМД елдері аймағының тау-кен өндіру өңірлерінде қазіргі заңдарды, ережелер мен үлгілерді есепке ала отырып, халықаралық тәсілдемені табысты қолдануға мүмкіндік береді. Біздің қызметтеріміз SRK келесі қызметтерді көрсетеді: Қаржы мекемелерге арналған халықаралық талаптарға сәйкес минералды ресурстар мен қорларды бағалау Қор биржаларының мұқтаждықтары үшін білікті тұлғаның тәуелсіз есептемесі Тау-кен жұмыстарын жүргізу Тиімділікті көтеру менен оптимизациясына арналған техникалық аудит Тау-кен жұмыстарын жүргізу тиімділігін және оңтайландыруын арттыру мақсатында техникалық аудитті өткізу Техникалық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау Компьютерлік геологиялық үлгілеу Мамандандырылған бағдарламаларда шахталар мен разрездерді компьютерлік үлгілеу Тау-кен өндіру кәсіпорындарын тұжырымдамалық жобалау Тау-кен кәсіпорынында зерттеулер жүргізу, бағалау және гидродинамикалық ережелерді басқару жөнінде ұсынымдар дайындау Мамандандырылған бағдарламалар көмегімен шахталардың вентиляциясы мен газсыздандыруды оңтайландыру Жобаларды геологиялық барлау кезеңінен бастап кәсіпорынды пайдалануға беру кезеңіне дейін геомеханикалық жағынан қосақтау